Орталық референдум комиссиясының 20.00-дегі мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында дауыс берушілердің 73,79 % өз таңдауын жасады. Осылайша республика бойынша өңір саяси науқанға келушілер арасында Түркістан облысы және Шымкент қаласымен бірге үздік үштіктер қатарына енді. Аймақтағы 538 референдум учаскесі таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Өңірде 487 мың 824 дауыс беруші тіркелген. Облыста 2160 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Бұл санаттағы жандар үшін де қажетті жағдай жасалды. 525 учаске бірінші қабатта орналасқан, 492-сі пандустармен, 511-і әртүрлі тактильді көрсеткіштеріне сай жабдықталды. Инватакси және сурдоаудармашы қызметімен 117 референдум учаскесі қамтылды. Ал 33 учаскеде Брайль шрифтін пайдалануға мүмкіндік жасалды.