Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Engineering Education: Challenges, Trends, Best Practices (EE: CTBP)» атты екі күндік халықаралық конференция басталды. Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен бірнеше ЖОО өкілдері жиналды..

Өскеменде бас қосқан Қазақстан, Сингапур, Малайзия, Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей инженерлік-техникалық жоғары оқу орындарының өкілдері заманауи инженерлік білім берудің негізгі мәселелерін талқылады. Конференцияның мақсаты-тәжірибе алмасу, инженерлік білім беру саласындағы проблемаларды жетекші мамандармен талқылау. Халықаралық ғылыми және техникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Сондай-ақ, қазір Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ инженерлік білімді дамытуда CDIO (Conception – Designing – Implementing – Operating) бағдарламасын құрастыруда. Сондықтан кеңеске арнайы жобаның тәлімгері, Азиядағы CDIO бастамасының басшысы, Сингапурдың оқыту мен оқытудағы инновациялар политехникалық орталығының директоры Син Мох Чеа келді.

Конференцияның екінші бөлімі 14-16 қазанда Малайзиядағы Мара технологиялық университетінде жоғары білім берудегі трансформацияларды басқару және стратегия жөніндегі халықаралық симпозиум аясында өтеді.