Шемонаиха ауданындағы шаруашылықтардағы жұмыс қауырт. Аудандағы 262 шаруашылықтың 234-і күнбағыс егеді. Шаруалар күзгі өнімдерін жинауда. Әсіресе, егістікке берілген жердің басым бөлігіне бидай, дәнді-бұршақты және майлы дәнді-дақылдар егіледі. Биыл шаруалар күздік және жаздық бидайдың әр гектарынан 25 центнер өнім алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Әрі ауа райының қолайлы болуы да өнімнің мол шығуана септігін тигізді.

Қазіргі кезде аудандағы «Сугатовское» ЖШС 100-ден аса адам еңбек етеді. Егіс алқабына әртүрлі дәнді-дақылдарды еккен олар 3911 гектар жерге күнбағыстың шетелдік гибрид түрін әкелген. Себебі,түсімі жақсы. Серіктестіктегі 33 техниканың барлығы жұмысқа сақадай сай.

Аудандағы егістік алқаптарының 60 пайызына бидай егілсе, қалғаны өзге дәнді-дақылдар үлесінде.

Мамандардың айтуынша орта есеппен күніне шаруалар 2000 гектар алқаптан өнім жинаса, қазан айының соңына дейін барлық өнім қамбаға құйылады.