Өңірдегі ТЖД "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті . Құтқарушылар қыстағы қауіпсіздік шараларын пысықтап, техникалардың дайындығын тексерді. Қар басу қаупі жоғары аймақтардың тізімін әзірлеп, алдын алу шараларын ұйымдастарды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері өңірдегі көшкін түсу қаупі басым аумақтарда қауіпсіздік шараларын күшейтті. Қыстың қытымыр күндері, жол бойында қалған жолаушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін жылыту пунктерінің жұмысы ұйымдастырылды.
Өңірде көшкін жүру қаупі басым 497 аймақ анықталған. Табиғи апаттың алдын алу үшін "Қазселденқорғау" мекемесінің филиалы арнайы маршруттар дайындап, апта сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Қар қалың жауатын аймақта тазалау жұмыстарын уақытылы ұйымдастыруға 686 бірлік техника жұмылдырылмақ.
Мамандардың сөзінше төтенше жағдай кезінде, техникалық дайындықтан бөлек адами фактор да үлкен рөл атқарады. Сондықтан, ТЖД қызметкерлері тұрғындарға дауылды ескертулер жарияланғанда алыс жолға шықпауға кеңес береді.