Адам папиллома вирусына қарсы екпе
Биыл қыркүйек айынан бастап облыста адам папиллома вирусына қарсы вакцина 11 жастақа толған қыз балаларға салына бастады. Себебі, Дүние жүзі бойынша адам папиллома вирусына қарсы вакцинация -жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың ең тиімді әдісі саналады. Бұл 135 мемлекеттің ұлттық екпе күнтізбесінде бар.
Адам папиллома вирусының 200-ден астам түрі бар. Оның кем дегенде 14-і жоғары онкогенді, шырышты қабаттар арқылы таралуы мүмкін және 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обырын, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Облыста 11 жастағы 5025 қыз бала бар. Сондықтан да олардың уақтылы вакцина алуы маңызды. Бірінші кезең қыркүйек айында басталса, екінші екпе осы жастағы қыздарға 6 айдан кейін салынады.
Мамандардың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының екі мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бір жылда 600-ден астам қыз-келіншек осы патологиядан көз жұмады. Елімізде жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі орында тұр. Жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусын емдеудің тиімді әдісі – осы вирусқа қарсы вакцина салдыру екені қазір ғылыми дәлелденген.
Әлемдегі оң тәжірибені ескере отырып, үкімет Ұлттық егу күнтізбесіне адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды енгізді. Соған байланысты елде АҚШ-та шығарылған Гардасил вакцинасы қолданылады. Вакцинаны баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімін алған соң бірақ егеді.