Негізгі Жаңалықтар Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Өңірде жарияланған «Жол жылы» аясында республикалық және облыстық маңызы бар күре жолдар жөнделіп жатыр. Бастама аясында Ұлан ауданы, Таврия ауылындағы автожол ретке келтірілді. Өскемен-Семей арасындағы жолды жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Бұл бағытқа 1,7 млрд қаражат бөлінген.

Қазіргі уақытта аталған учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Жоспар бойынша 15-ші қазан күні аяқталады, дейді жауапты мердігер.

Өскемен-Семей бағытындағы 48-66 шақырым жол бөлігіндегі жөндеу жұмыстары соңғы рет 2016-2018 жылдар аралығында жүргізілген көрінеді. Құрылыс алаңында 50-ге жуық техника мен 70-ке жуық азамат жүр.

Жоба аясында қолға алынған аймақтағы іргелі жұмыстар әлі де жалғасын табады. 2025-2027 жылдар аралығында Өскемен-Семей бағыты бойынша орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бөлісу