Өскеменде облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында 2024-2029 жылдарға арналған өңірде мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Бұдан бөлек, мәдениет басқармасының 2023-2024 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмысының есебі тыңдалды.
Жиында аймақтағы мәдениет басқармасы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.Басқарма басшысының міндетін атқарушы Самат Қасенов аталған салада қоғам дертімен күрес қарқынды екенін айтады.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Самар ауданы, Аққала ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрлан Назархановқа қатысты қозғалған тәртіптік істің нәтижесін шығарды.
Қыркүйек айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалған болатын. Басшылық қызметке Ержан Айқымбеков келді. Жаңа басшы кеңес мүшелерін өз ұсынысын жеткізді.
Жиын соңында әдеп жөніндегі кеңестің жаңа төрағасы мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырды.