Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпір саналатын кәсіподақтың міндеті ауқымды, атқарар шаруасы жауапты. Еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық еңбек дауларын шешу және тараптардың мүддесін қорғауда кәсіподақтардың рөлі мен қызметі айрықша. 10 - қазан Қазақстан Республикасы кәсіподақтар күні. 2019 жылдан бастап ресми түрде аталып келе жатқан мереке қарсаңында еңбегі еленген азаматтар марапатталды.

Кәсіподақ ұйымының негізгі міндеті – жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқығын қорғау. Қандай да бір ұжымда еңбек заңдылығы бұзылса, оны жұмыс берушімен реттеу.

Әлеуметтік әріптестік аясындағы жұмыс ауқымды. Ал облыстық деңгейде құрылған үшжақты комиссияның міндеті орын алған заңбұзушылықтарды дер кезінде алдын алу.

Арнайы ұйымдастырылған шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйлеп, өз тілегін жеткізді.

Әр салада үздіксіз қызмет етіп келе жатқан азаматтар атаулы күнге орай марапатталды. Бірнеше қызметкерге «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалі табысталды. Салтанартты шара өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.