Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы Бүркіт төбеде 10-14 қазан аралығында халқаралық : «Шығыс салбұрыны-2024» фестивалі өтеді. Додаға Моңғолия, Қытай, Мажарстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясының құсбегілері қатысады. Бұдан бөлек, 80 бүркіт пен 30 сұңқар және 30 тазы сайысқа түседі. Ұлттық спорттың дамуына сүбелі үлес қосқан Бағдат Мүптекеқызыда тартысты сынға арнайы келді. Көпке «Қыран қыз» есімімен танымал Бағдат Мүптекеқызы елде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқанын айтады.