Өңірдегі 35 мың гектар аумақ ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте салалық басқарма басшысы Надежда Михейлис мәлім етті. Бұдан бөлек, аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.
Жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері екі тәсідмен беріледі.Алғашқысы – конкурстық, екіншісі сауда-саттықсыз. Бұл заң нормасы қолданысқа енгізілгелі оң нәтижесін берді, дейді салалық басқарма өкілдері.
Сонымен қатар, биыл заң жүйесіне өзгерістер еңгізілгендіктен жайылымдық жерді қолдануға қатысты бірқатар өзгерістер бар. Жаңа құжат бойынша, жайылымдық жер конкурссыз берілмейді. Бұдан бөлек, қоғамдық жайылымдар пайда болды. Мұнда ауыл тұрғындары еш кедергісіз мал жая алады. Қазіргі таңда конкурс өткізу және ауылдық округтерге қажетті жерді резевке қою бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.