Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі үздік ұстаздарды марапаттаған болатын. Марапат иелерінің арасында облыстың мұғалімдері де бар. Солардың бірі - Назым Ақтанова. Ол Өскемендегі №46 мектепте қызмет етеді. Саналы ғұмырын балаларға білім беруге арнаған жан Ақорда төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы төсбелігімен наградталды.Марапат иесін арна тілшілері де құттықтап қайтты.

Назым Ақтанова химия пәнінің мұғалімі. 35 жылдық тәжірибесі бар ұстаз білім саласында жеткен жетістіктері мен ел дамуына қосқан үлесі үшін жоғарғы мараптқа ие болды.

Ұзақ жылғы еңбек, кәсіпке деген адалдық тек республикалық деңгейде ғана емес, туған ұжымда да аталып өтті.

Облыстық білім басқармасы өкілдері мен әріптестері ұстазды жоғары марапатымен салтанатты түрде құттықтады.

Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – қиын әрі жауапты жұмыс. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.