Еліміздің болашағы сауатты, білімді жастар. Сондықтан, олардың көзі ашық, көкіректері ояу болғаны керек. Осы мақсатта Облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында Ашық диктант өтті. Шара патриоттық тәрбиені көздейді.
Қолға қалам алып, сауаттылықты сынға алатын шара Республика күніне орай ұйымдастырылған. Білімімді тексеріп, орфографиямды шыңдаймын деген жастар көп. Мектеп оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындары студенттері қатысты. Диктант Отан, елге деген махаббат, тарих тақырыптарын қозғайды.
Диктант жазушылар қазақ тілінде сауатты жазу деңгейін анықтауға мүмкіндік алды. Сондықтан, осындай шаралар жиі өтіп тұрса, дейді қатысушылар.
Айта кетейік, диктантты жазғызып, барысын бақылаған білікті лингвист мамандар болды.