Бүгінде өкінішке қарай облыс онкологиялық аурулар бойынша алда келеді. Мамандардың сөзінше сүт безі қатерлі ісігі тез таралатын дерттердің қатарында. Соңғы тоғыз айда 214 тұрғын аталмыш аурумен тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда басым. Обырдың алдын алу мақсатында дәрігерлер алдын-ала скринингтен өтуге кеңес береді.
Биыл сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастардың арасында 30-70 жас аралығындағы әйелдердің саны артқан. Ал, егде жастағылардың көбі сүт безі обырын асқындырып, 3-4 сатысында тексеріледі. Дертті дер кезінде анықтау үшін тұрақты түрде скринингтен өтіп тұрған дұрыс.
Мамандар бүгінде сүт безінің қатерлі ісігін емдеу неге негізделетінін және қандай терапияның тиімділігі жоғары екені туралы айтып берді.
Мамандардың сөзінше дерт ертерек анықталса, оның емін жасауға болады. Яғни, аурудан айығу үшін омырауды алып тастаудың қажеттілігі болмайды. Тіпті солай болған жағдайда оны қайта қалпына келтіруге болады. Бастысы уақытында дәрігерге қаралу.