Өскемен қаласында әлеуметтік орталықтың қызметкерлері арнайы медициналық тексерістен өтті. Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер арасында сүт безі ісігінің алдын алып, ерте диагностика жасау. Мамандардың айтуынша, ісік ерте анықталса, ем-дом жасауға да мүмкіндік мол.
Дәрігер мамандардың айтуынша қазір сүт безі ісігіне аналар жиі шалдығады. Сондықтан бұл аурудың алдын алу үшін үнемі медициналық тексеруден өтіп тұру маңызды екенін атап өтті.
Арнайы акция барысында әйелдерге дәрігерлер түрлі кеңестер берді. Сүт безі ісігінің алғашқы белгілерінің алдын алу жолдары мен маңыздылығы туралы ақпаратты да ұсынды. Аурудың белгілері мен оның ем-шаралары жайлы жазылған арнайы брошюралар таратты.
«Қызғылт қазан» акциясы облыс аумағында кең көлемде өткізіліп отыр. Шара аясында ашық есік күндері ұйымдастырылып, алыс аудандардың тұрғындарына да арнайы орталыққа келіп тексеруден өтуге мүмкіндік жасалды.
Мұндай іс-шаралар сүт безі ісігінің алдын алу және оның ауыр зардаптарын болдырмау мақсатында маңыздылығын көрсетіп отыр. Мамандар арнайы акцияға қатысқан қызметкерлерге өз денсаулығына мұқият қарап және жылына бір рет маммографиялық тексерістен өтіп тұруды ескертті.