ШҚО әкімінің бірнші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдіктің отырысы өтті. Алқалы жиында өңір үшін маңызды бірқатар мәселе қаралды. Соның ішінде, өңірдегі «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының іске асырылуы жайында, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және облыстық бюджеттің игерілуі туралы мәселесі көтерілді.

Жиында көтерілген маңызды мәселенің бірі облыстағы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының іске асырылу барысы туралы. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бастап тірек және спутникті ауылдардағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында облыс бойынша 2019-2023 жылдары 217 жобаны іске асыруға 24,3 млрд. теңге бөлінді. 5 жыл ішінде 14 әлеуметтік нысан салынып, 34 жөндеуден өтті. «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері қаржыландырудың жалпы көлемі 2019 жылғы 1 млрд. теңгеден 2023 жылы 8,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде қаржыландыру көлемі 10,9 млрд.теңгені құрайтын 89 жобаны іске асыру көзделген.

Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша да бірқатар мәселелер айтылды. Биыл 9 айда облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 670,1 млн.теңге сомасына 1 690 отбасы немесе 8 066 адам алған. Оның ішінде көпбалалы – 611 отбасы бар. Атаулы әлеуметтік көмек алу кезеңінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2 312 бала 76,6 млн.теңге сомасына 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем алды. Биыл қаңтарда облыс әкімі 2024 жылдың қорытындысы бойынша аз қамтылған азаматтарды 20% - ға төмендей отырып, кедейлік пулынан шығару жөнінде кешенді шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.

2024 жылдың 9 айында бюджеттік қаражаттың игерілуі жайлы

сөз қозғалды. Ресми деректерге сүйенсек, аймақтағы 1 қазанға игерілмеген бюджет қаражатының қалдықтары 10,5 млрд.теңгені құрады. Ал игерілгені 97,4%. Жалпы, өңір экономикасы тұрақты дамып келеді. Дегенмен, күрмеуі көп, шешімін таппай жүрген дүниелер жоқ емес. Сондықтан, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жиын соңында жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма беріп, тез арада ретке келтіруді тапсырды.