Облыс орталығында «Қайратты жастар-2024» фестивалі басталды. Шара Мемелекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауында атап өткен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды. Сайысқа өңірдегі алты кәсіпорынның қызметкерлері қатысып жатыр.

Сайыстың мақсаты-өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу, жұмысшы жастар арасында шығармашылықты дамыту. Шараны жастар ресурстық орталығы спорт басқармасымен бірге ұйымдастырып отыр. Түрлі сала мамандары бір ай көлемінде спорттық сайыстар мен интелектуалды ойында тартысқа түспек.

 «Қайратты жастар - 2024» ойындарының жүлде қоры -1,5 млн теңгені құрайды.

Бұл шара жұмысшы мамандықтардың маңызын арттыруға , жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағыталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайратты жастар» фестивалі бір күндік шара ретінде ұйымдастырылған болатын. Ал биыл сайыстың форматы өзгерді. Енді кәсіпорын қызметкерлері бір ай көлемінде өзара кім мықтыны анықтайды.