Өскеменде XI «Сәулетай» балалар спорттық ойындарының ашылу салтанаты өтті. Сайыста 2010-2011 жылы дүниеге келген оқушылар бақ сынайды. Облыстық біріншілікке 13 ауданнан 500-ге жуық жас өрен жиналды. Олар жеті спорт түрі бойынша сынға түседі.

Игі дәстүрге айналған «Сәулетай» балалар спорттық ойындары жас спортшылардың шеруімен басталды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.

Шараның мақсаты өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау дейді, облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Оқушылар жағы осындай сайыстар арқылы деңгейімізді бағамдап, тәжірибе алмасамыз әрі достық қарым-қатынасымызды нығайтамыз деп отыр.

Тартысты бәсеке төрт күнге созылады. Сайыстың әділ өтуін өңірге белгілі бапкерлер қадағалайды.