Аймақтағы ТЖД қысқы маусымға дайындық жұмыстары туралы брифинг өткізді. Қазіргі уақытта мамандар өңірдегі қауіпті учаскелерді анықтауда. Жолдарда 10 жылыту пункті орналастырылады. Оның төртеуі облыстық, алтау республикалық маңызы бар трассаларда жұмыс істейді. Бұдан бөлек, қала және аудан әкімдеріне қосымша 15 жол бойында қызмет көрсететін орындар әзірленбек. Бұл нысандар жылыту мен тамақтану пункттері ретінде пайдаланылмақ.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, биыл өңірде жауын-шашын мөлшері әдеттегіден жоғары түседі. 30-45 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бес жарым мың шақырымға жуық.Оның 1 238 км – республикалық, 1 587 шақырым - облыстық маңызы бар жолдар. 2 440,7 км – аудандағы автожолдар.

ТЖД мамандары қысқы маусымға сақадай саймыз деп отыр. Қажетті техника тоқсан пайызға дайын. Ал дауылды ескерту туралы ақпарат тұрғындарға ұялы байланыс операторлары, "DARMEN" мобильді қосымшасы, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жеткізіледі.