Зайсан ауданы шекара басқармасы жас сарбаздармен толықты. Отан алдындағы борышын өтеуге келгендер 1 ай бойы оқу жаттығудан өткен. Енді олар сап түзеп ел шебін күзетпек. Ант қабылдап, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға келген әскерилер жайлы әріптесім Нұртас Қайролдаев тарқатсын.
Қатардағы жауынгер Жасұлан Қасымбек 1 ай бұрын әскери жарғымен танысқан. Өз қатарының алды бола білген үздік сарбаздың алдыға қойған мақсаты айқын. Жас сарбаз ел тыныштығын абыроймен күзетсем дейді.
Мерзімді әскери қызметке сарбаздар Ақбола, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік қазақстан облыстарынан келген. Мерекелік шарада жалпы саны 262 сарбаз әскери ант қабылдады. Бұл шараға сарбаздардың ата-аналары да келді.
Ант қабылдау рәсіміне шекара қызметінің ардагерлері де қатысып, ізгі тілектерін білдірді.
Енді жас сарбаздар оқу орталығында білім алады. Кейін Зайсан шекара басқармасына қарасты бөлімдер мен бөлімшелерге жөнелтіледі.
Білікті, білімді болу әр сарбазға міндет. Оқу-жаттығудан өткен жас жауынгерлерге артылған жауапкершіліктің салмағы ауыр. Қазақстанның шығыстағы қақпасының алдағы тыныштығы осы азаматтардың қолында.