Өскеменде полиция қызметіне қабылданған 42 жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдап, алғашқы әскери шендерін алды. Салтанатты шараға тәртіп сақшыларының туған-туыстары мен жақындары қатысты.
Облыс орталығында 42 жас қызметкер салтанатты түрде ант қалдады. Енді олар қоғам тыныштығы мен тәртіпті сақтау жолында тынбай еңбек етеді. Бұл қызметке келгендердің бірі - Қазыбек Тоқтарбаев.
Қазыбек Тоқтарбаевтың әкесі Амантай Хамзин ішкі істер органдарында 25 жыл еңбек еткен. Амантай Хамзин ұлы ата жолын таңдағанын мақтан тұтамын деп отыр.
Полициядағы қызмет – бұл заңға және адамдарға деген терең құрметке негізделген, үлкен шыдамдылық пен азаматтық борышты, адалдық пен әділдікті талап етеді. Облыстық ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев жас әріптестерін құттықтап, Отанға адал қызмет етіп, үлгі тұтар тәртіп сақшылары болатынына сенім білдірді.
Ант қабылданған жас мамандар алдағы уақытта бос лауазымдағы қызметтерге тағайындалады.