Ұлан ауданында еңбек ардагері Өмірбек Мұзапарұлын еске алуға еркін күрестен дәстүрлі турнир өтті. Осымен бесінші рет өткізіліп отырған біріншілікке 2007-2009 жылдары дүниеге жас өрендер арасында ұйымдастырылды. Турнирге 160-қа жуық спортшы қатысты.
Биыл республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты. Аймақ басшысының орынбасары қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Марат Мұзапаровтың айтуынша, жарыстың мән-мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді.
Республикалық жарысқа келген жас спортшылардың осалы жоқ. Сайысқа кіл мықтылар жиналды.
Турнир жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар да қарастырылған. Бұдан бөлек жас өрендерге спорт шеберіне үміткер санаты да беріледі.