Бүгін - әскери журналист күні. Атаулы күнге орай. ҚР Қарулы Күштерінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарсты 27943 әскери бөлімі пресс-тур ұйымдастырды.Өңірдегі БАҚ өкілдері әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен танысты.

Тілшілер қауымы әскери бөлімнің бүгінгі жай-күйімен танысты. Түрлі қару-жарақты қолына алып, оны дұрыс шашып, жинау әдіс-тәсілін меңгерді.

Бұдан соң БАҚ өкілдері Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас сарбаздармен тілдесті. Олар орналасқан үй-жайларды аралады. Сарбаздар орналасқан нысанда бар жағдай жасалған. Олар әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысуды бастап кеткен. Бос уақытта жігіттер ата-аналарымен сөйлеседі.

Таяуда әскери бөлім 110 сарбазбен толыққан. Әскерге шақырылғандардың бірі - Жарас Рамазан. Ол Павлодар қаласынан келген.

Журналистер сарбаздар мен бірге түскі ас ішіп, бір дастарханда басында бас қосты. Абдалла Салих Сами әл-Том, Алматыда дүниеге келген. Ұлты-араб. Абдалла қазақ елінің тыныштығын қорғап жүргенін мақтан тұтады.

БАҚ өкілдері тактикалық оқу-жаттығу шараларына да қатысты. Бұдан бөлек, барлау ротасының жұмысымен танысты.

Шара соңында тілшілер қауымына «Әскери журналист» курсын сәтті аяқтағаны жөнінде сертификат табысталды.