Облыс орталығында жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан Республика чемпионат басталды. Ел біріншілігіне 100 астам спортшы жиналды. Сайыс үш күнге жоспарланған.

Алдағы 3 күнде спорт сарайында ұлттық құрама сапындағы өрендер, облыстық және республикалық сайыстардың жүлдегерлері, халықаралық додалардың жеңімпаздары өнер көрсетеді. Сайыс бірнеше санатқа бөлінген.

Сайысқа қатысушылар жағы мұндай сайыстар арқылы деңгейімізді бағамдап, өз ара достық қарым-қатынасымыз нығайтамыз деп отыр.

Спортшылар үшін ел біріншілігі өздерінің шеберліктерін шыңдап қана қоймай, байрақты бәсекелерге қатысып, ел намысын қорғауға мүмкіндік береді.