Өскемендегі облыстық драма және опера театрында тұсаукесер. Театр ұжымы бұл жолы көрермен назарына «Он, она, окно и тело» атты жаңа қойылымын ұсынды. Жаңа туынды британдық драматург Рэй Кунидің комедия жанрындағы үздік пьесаларының бірі.

Сахна саңлақтары өнер сүйер қауымға ерекше көңіл күй сыйлады. «Он, она, окно и тело» атты комедиялық спектакль көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп қана қоймай, терең ой салды.Қойылым режиссері, «Мәдениет саласының үздігі»– Андрей Воронин.

Саханада түрлі рөлдерді сомдаған актерлердің шеберлігі жұртты таңқалдырды. Джорж Пигеден басты кейіпкердің бірі. Бұл рөлді сомдаған жас актер Юрий Мирнов көрерменнің көзайымына айналды. Оның айтуынша,басты рөлді сомдау- жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан ол режиссердің талабын барынша жүзеге асыруға тырысқан.

Сахнада түрлі жағдайға дайын болу керек, Кейде дауысыңмен ойнауға тура келеді, дейді жас актер Никита Дерябин.

Қойылым жиналған қауымның көңілінен шықты. Көрермендер театр әртістерін ыстық ықыласқа бөлеп, кезекті туындыны асыға күтетіндіктерін жеткізді.