Аймақта су добынан ел біріншілігі басталды. Бұл жолғы дода қыздар арасында ұйымдастырылды. Сайысқа жергілікті құрамадан бөлек, Астана, Алматы, Абай, Жамбыл облысынан спортшылар келді. Ел біріншілігінде өнер көрсететін бұрымдылармен арна тілшілері тілдесіп қайтты.

Ел біріншілігіне келген спортшылар командалық сайыста жеңіске жету оңай шаруа емес. Бұл үлкен еңбекті талап ететінін айтады.

Ел біріншілігі бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы екі кезең облыс орталығында өтсе, қалған кездесулер наурыз айына жоспарланған. Финал келер жылы жазда ұйымдастырылады.

Жарысты көруге келген жанкүйерлердің де қарасы қалың. Олар қатысушылардың ойынын тамашалап, қолдау көрсетуде. Ел біріншілігі 27-ші қарашаға дейін жалғасын табады.