Тәртіп сақшылары үш күндік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасын қорытындылады. Рейд қала аумағында қарашаның 23-25 аралығында жүргізілді. Шара құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Шара барысында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тексерді. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау және тасымалдауың жолын кесті.
Жедел профилактикалық шара аясында қоғамдық орындарына визуалдық бақылау жүргізіледі. Ол үшін жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері пайдаланылды.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, жол үстінде жылдамдық режимін асырмай, қауіпсіз арақашықтықты ұстауға, барынша сақ болуға шақырады. Себебі, жол қателіктерді кешірмейді.