Өскеменде суға жүзуден «Алтай Жұлдызы» Республикалық турнирі басталды. Ел біріншілігіне 2009-2010 жылдар аралығында дүниеге келген өрендер қатысады. Сайысқа 300-ден сатам спортшы жиналды.
«Алтай Жұлдызы» турнирі 2018 жылы бастау алған болатын. Ал Өскемендегі кезекті додада 315 жас спортшы тартысқа түспек. Елдің түпкір-түпкірінен келген өрендер өзара кім мықтыны анықтайды.
Шығыста су спорты түрлері қарқынды дамып келеді. Бұл бағытқа бет бұрған жастардың да қатары артқан. Өңір спортшылары халықаралық, республикалық сайыстарда жүлдегер атанып үлгерген. Ұлттық құрама бапкерлері Маргарита Зайцева мен Таисия Коротковаға зор үмітіп артып отырғандарын айтады. Қос бұрымды спорт мектебінің мақтанышынай айналып үлгерген.Ал бұл сында Таисия Короткова рекорд орнатты. Ол белгіленген межені 27,17 секундтта еңсерді. Облыс орталығында басталған ел біріншілігі үш күнге жоспарланған.