Самар ауданының Құлынжон аулында «Ybyrai Mektebi» жобасының жаңа кезеңі бастау алды. Облыс әкімі Ермек Көшербаев Самар ауданындағы кезекті іс сапары барысында мектептің жай күйімен танысты. «Ybyrai Mektebi» пансионатының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Толығырақ әріптесім Нұртас Қайролдаев тарқатсын.
Құлынжон ауылындағы мектеп 1996 жылы салынған. Бірнеше жыл бұрын жабылудың аз ақ алдында тұрған мектеп, қайта жаңғыруда. 2022 жылы осы ауылдың тумасы кәсіпкер Айдын Рахымбаев мектепті қалыпқа келтіруге 2 миллион доллар инвестиция құйған. Содан бері мектеп тарихының жаңа кезеңі басталған. Бүгінде білім ордасында 190 бала білім алады. Оқушылар алыс жақын аудандардан да келуде. Мектептің материалдық жабдықталуы мен оқу процестері заманауи стандарттарға сай. Балалар отыратын парталары да ерекше. Оқушыларға жеке жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ыңғайлы оқу үстелдері орнатылған. Мүнда білім сапасын жақсарту мақсатында басым бағыт математика мен ағылшын тіліне берілген. Жуырда жоғарғы сынып оқушылары IELTS текст тапсырып, 6 балдық көрсеткішке жеткен.
Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева ауылдық жердегі білім беру ордалары қалалық мектептерден кем болмауы керектігін айтты. Білім басқармасының маңызды міндеттерінің бірі екендігін де тілге тиек етті.
Аймақ басшысы YBYRAI мектебі пансионаты іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Шарада Ермек Көшербаев уақыт капсуласына өзінің ізгі тілегін қалдырды.
«Уақыт капсуласын» салу рәсімі мектепті дамытудың екінші кезеңінің басталу символына айналды. Жақын арада мұнда спорт алаңы мен пансионат салынып, мектеп толыққанды білім беру кешеніне айналмақ.
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев өңір әкімдігі осындай бастамаларды қолдайтынын және жобаның тәжірибесі басқа білім ордаларына тарату керектігіне баса назар аударды.