«Қазцинк» ЖШС «Корпоративтік мәдениет және бизнес-әдеп: сенімді серіктестіктің тұғыры» атты форум ұйымдастырды. Шараға аймақтағы ірі өндірісі орынының серіктестері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Дәстүрлі форум компания серіктестері үшін диалог алаңына айналған.
Форумға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жетістіктер мен бірлескен жоспарларды талқылады. Жиынға қатысушылар бизнестегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сәйкестік стандарттарының маңыздылығы мен жаһандық экономикадағы сын-қатерлерге төтеп берудің тиімді жолдарын талқылады.
Форумда Қазақстандық кәсіпорындар үшін сәйкестік стандарттарының бизнестегі тұрақтылықты арттырудағы рөлі кеңінен талқыланды.
«Қазцинк»ЖШС қазақстандық өнімдерді сатып алу көлемін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Бұл жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экспортқа шығуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын экологиялық мәселелерге басымдық беріп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдармен де тығыз жұмыс істейді.
Соңғы бес жылда «Казцинк»ЖШС 5000-ға жуық отандық кәсіпорынмен серіктестік орнатып, 300 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтыды.