Облыс орталығында әлеуметтік төлем мәселелері талқыға түсті. Жиында азаматтарға көрсетліген мемлекеттік қызметтің жай-жапсары сөз етілді. Күн тәртібіндегі басты тақырып - жүктілік және босануға байланысты тағайындалатын төлем. Ведомствоаралық жұмыс тобының айтуынша аталған қызметті алушылар заңсыз әрекеттерге барған.
Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері мен мемлекеттік ұйым өкілдері әлеуметтік төлемдерге байланысты өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе, жеке кәсіпкер мәртебесін пайдаланып, қызметін ұйымдастырмай-ақ мемлекеттен төлем алатын азаматтардың жайы қозғалды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ержан Айқымбеков аталған мәселелені шешуге бағытталған бірнеше ұсынысты ортаға салды.
Елде 2005 жылы жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау үшін сақтандыру жүйесі іске қосылған болатын. Мекеме қызметін бекітілген заң талаптарына сәйкес ұйымдастырып келеді.
Жиын соңында жүктілік пен босануға қатысты төлемдерді заңсыз алу фактілерінің алдын алу үшін жеке кәсіпкерлікті тіркеу мерзімін ұлғайту және тексерістерді күшейту ұсынылды. Қабылданған шешімдер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданады.