Өз елінің патриоты – мамандығына шын берілген тұлға. Өңіріміз мұндай азаматтарға толы. Кәсібіне мансап үшін емес, маңыздылығы үшін адал жанның бірі Дидар Төлепханов. «Казцинк-Шахтострой» кәсіпорынында бірнеше жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Әріптестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қолайлы орта жасау осы азаматтың мойынында.