Риддер қаласында «Grand Tour Biathlon» Қазақстан Кубогының екінші маусымы өтті. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты биатлоншылар жиналды. 2009-2010 жылғы жасөспірімдер бірінші күні спринттік жарыстарда бақ сынады.

Жарысқа Ақмола, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласының өкілдері қатысты. Сайыс биатлоншылардан жоғары дене дайындығын және ату дағдыларын талап етеді. Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымнан бастап 4, 5 және 6 орындарға ие болған қатысушылар «Grand Tour Biathlon» бойтұмарына ие болады.