С. Аманжолов атындағы ШҚУ-де «Серпін - 2050» бағдарламасы аясында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» тақырыбында түлектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шара Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Шараға өңірге қарасты аудандардан жұмыс берушілер қатысты. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараның пленарлық отырысында «Дипломмен – ауылға», «Ерікті өңіраралық қоныс аудару» және «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламалары таныстырылды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Шығыс Қазақстан облысына кадр тапшылығы байқалатын оңтүстік өңірлерінен жастарды тарту мақсатында ұйымдастырылды. Студенттер аймақта сұранысқа ие мамандықтар тізімімен танысып, білім беру, өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қызмет және орман шаруашылығы салаларында қажет мамандар жайлы ақпаратпен танысты
Жәрмеңке барысында студенттер жұмыс берушілермен тілдесіп, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Мұндай шара оқу жылының соңына дейін ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Серпін» бағдарламасы түлектерінің жұмыспен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды. Бұл елдегі рекордтық көрсеткіш. Бағдарлама түлектері еңбек жолын сәтті бастап, жұмысқа орналасып, отбасын құрған.