Кенже Қанатовтың жаңа жылдық арманы орындалды. Ерекше қажеттіліктері бар жас жігіт Аяз Атаға хат жазып, мобильді телефон сұраған. Хат жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметкерлеріне келіп түскен. Олар игі істің жүзеге асуына бастамашы болды.
Кенже Қанатов - қоғаммен белсенді араласады. Бүгінде, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсету орталығына барады. Қаладағы көрікті жерлерді суретке түсіруді жақсы көреді. Орталық қабырғасынан тыс достарымен телефон арқылы сөйлеседі. Жаңа жылда ол ұялы телефоны сынып қалғандықтан Аяз Атаға хат жазған.
Кенже сыйлықты ашқаннан кейін - Аяз Ата, Ақшақармен алғашқы фотосуретке түсті. Достарына көрсетіп, енді олармен қайта сөйлесе алатындығын қуанышпен жеткізді. Ұлының қуанышын көрген анасы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметкерлері қайырымды қала тұрғындарымен бірге балалар үйі мен әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға да жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.