Өскемендік спортшы Анастасия Городко фристайл-могулден Универсиада жеңімпазы атанды. Анастасия Городко үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жолындағы кедергілерді оңай еңсеріп 79.79 ұпаймен жарыстың жеңімпазы атанды.
Универсиада ойындарында қазақстандық фристайл-могулшы Анастасия Городко финалда сәтті өнер көрсетті. Туриндегі ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында фристайл-могулдан отандасымыз 79,79 ұпаймен жарыстың жеңімпазы атанды. Екінші орынды жапониялық Харуко Накао алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен қорытындылады.
Айта кетейік, спортшы бұл жетістікпен тоқтамақ емес. Алда бұдан үлкен жарыстар күтіп тұр.