Елдің таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар 619 учаске бар. Жыл сайын мамандар осы аумақтарда үнемі алдын алу жұмыстарды жүйелі жүргізеді. Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Самар» автожолының 95-102 шақырымы бойында 5 көшкін қаупі бар учаскеде «Daisybell» қар көшкінінің алдын алуға бағытталған жаңа жүйе сынақтан сәтті өтті. Сынақ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының көмегімен жүзеге асырылды.
«Daisybell»жүйесі тікұшаққа кабельмен бекітілген. Францияда жасалған ақылды жүйе әсіресе таулы аймақтардағы қауіпсіздікті арттыруға көшкін апаттарын алдын алуға мүмкіндік береді. «Daisybell» жүйесі жағдайды қашықтықтан бақылап, қар көшкініне қарсы профилактикалық жұмыстар барысында қолданылады. Бүгінгі таңда әсіресе Европа елдерінде кеңінен қолданылады.
Қазіргі кезде көшкін қаупін бақылау мақсатында облыста 20 бағыт белгіленген. Оларға 160 қар өлшейтін құрылғы орнатылған. Мамандар үнемі мониторинг жүргізіп отырады.