«Өткен жыл Күршім ауданы үшін аса табысты жыл болды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары мен инвестиция тарту жұмысының нәтижесі жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр». Бұл туралы таяуда ғана ауданға тағайындалған әкім халықпен есептік кездесу кезінде мәлімдеді.
«Президент пен облыс әкімінің тапсырмалары мен мақсат-міндеттерін орындай отырып, 2024 жылы ауданда бірқатар ауқымды жұмыс атқарылды» деді сөзін бастаған аудан әкімі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы көрсеткіштерінің динамикасы оң. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6 млрд. теңгені құраған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 3 млрд. теңге сомасында өнім шығарылды. Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 24,3 млрд. теңге. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар 32,5 млрд. теңгені, жеке инвестициялар көлемі 5,7 млрд. теңгені құрады. Аудан әкімі игерілмей жатқан жер аумақтары жөнінде де сөз алды.
Тұрғындар тарапынан аудан әкіміне қойылған сауал көп, көтерілген мәселе жетерлік. Азаматтар ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларына қатысты бірқатар сұрақтарын қойды.
Дәулетбек Терлікбаевтің негізгі мамандығы инженер-энергетик. Сондықтан, өзі тұратын ауданның су желілеріне қатысты мәселені жақсы түсініп, көтеріп жүр. Айтуынша, қазіргі су қысымы аз, сапасы төмен.
Облыс орталығынан алыс орналасқан өлке үшін сапалы медициналық қызметке қол жеткізу де көп жағдайда қиындық тудырады. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Гүлнәр Қожахметованың да көтеріп жүрген өз мәселесі бар.
Тұрғындар тарапынан ең жиі қойылатын сұрақтар ТҮКШ-ке қатысты. Бөлім басшысы бар мәселе ретімен шешіліп, көздеген жобалар уақтылы іске асырылып, аяқталады деген сенімде.
Дегенмен 2024 жылы аудан халқы үшін аяқталған жұмыстың ең үлкені бар. Ол – бірнеше аудан халқының игілігіне жараған Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір. Бұл нысанның күршімдіктер үшін берері әлі алды.