Өскеменде өңірлік коалиция мүшелері жастармен бірге қала көшелері мен сауда орталықтарын аралады. Шара аясында алдағы референдум жайлы тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Көпшілікке таратылған баспа материалдарында жаңа Конституция жобасы жайлы ақпарат қамтылған. Шара аясында өңір тұрғындарына Ата заң жобасындағы жаңашылдықтар және олардың саяси жүйенің дамуына ықпалы жан-жақты түсіндірілді.
Аяужан Әшімова, ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрайымы, Конституциялық комиссия мүшесі:
Өңірлік коалиция мүшелері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның аясында тұрғындармен кездестік. Сауда орталықтарын, тұрғын үй кешендерін араладық. Азаматтар тарапынан түскен сауалдарға жауап бердік.
Мұндай шаралар референдум туралы мәліметті мүмкіндігінше кең аудиторияға жеткізуге жол ашады. Ақпараттық-түсіндірме жұмысы облыс орталығындағы қоғамдық демалыс орындарында жүргізілді.
Денис Рыпаков, өңірлік коалиция жетекшісі:
Әр азамат алдағы референдум туралы толық мәлімет алып үшін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз.Шара асында өңір тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауап ала алады.
Ақапараттық-түсіндірме жұмысы облыстың өзге өңірлерінде ұйымдастырылады.
Қымбат Иманғали