Энергетика саласының мамандары Жаңа Конституция жобасына арналған жиынға қатысты. «KEGOC» кәсіпорнының шығыстағы филиалы мамандары коалиция өкілдерімен кездесіп, алдағы референдумның маңызын талқылады.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Спикерлердің айтуынша, Ата заңды заман талабына сай жаңарту – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Анжела Горностаева, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты:

Жаңа Конституция жобасы – еліміздің болашағына бағытталған маңызды қадам. Конституция жобасын 130 адамнан тұратын арнайы жұмыс тобы қарастырды. Оның құрамында қазақстандық кәсіби саясаткер, ғалым, лингвист, экономистер болды. Шығыс Қазақстаннан да екі өкіл қатысты. Яғни, бұл құжатты әзірлеуге жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар тартылды. Біз стратегиялық салада еңбек етеміз, сондықтан тұрақтылық пен заң үстемдігі біз үшін ерекше маңызға ие. Ата заңды уақыт талабына сай жетілдіру – мемлекетіміздің одан әрі дамуына серпін береді.

Кәсіпорын қызметкерлері де өз пікірлерін ортаға салды. Олардың айтуынша, жаңа бастамалар мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттырып, әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге бағытталған.

Мадияр Залтаев, «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалы директорының орынбасары:

Көптеген ақпараттар алып жатырмыз. Барлығы біздің мекеменің жұмысшыларына түсінікті деп ойлаймын. Келе жатқан референдум әр азаматтың парызы деп түсінемін.

Ақмарал Нұғыманова, «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының қызметкері:

Менің ойымша, біздің бұл бағытымыз өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі, қазіргі қоғам тез өзгеріске ұшырап жатыр. Бар жағынан алған кезде. Соған байланысты, Конституцияға өзгеріс енгізу оңды деп санаймын.

Энергетика саласы – ел экономикасының стратегиялық маңызды бағыты. Сондықтан бұл салада еңбек ететін мамандар үшін құқықтық тұрақтылық пен әлеуметтік қорғаныс мәселесі аса өзекті.

Фатима Тілейханқызы