Облыс орталығында көркем гимнастикадан ел біріншіліг өтіп жатыр. Жарысқа ұлттық құраманың резервін жасақтайтын 2014–2016 жылдары дүниеге келген жас спортшылар қатысуда. Салтанатты ашылу рәсіміне арна тілшісі де барып қайтты.

Салтанатты ашылу рәсімінің көркін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондары – Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы әрледі. Сайыста жеке бағдарлама бойынша 81 қатысушы және топтық жаттығулар бойынша 28 команда бақ сынасады. Чемпионатқа еліміздің 13 өңірінен 200-ден аса спортшы келді.

Ясмин Әділ, жарысқа қатысушы (Маңғыстау облысы):

Гимнастикаға 5-6 жыл қатысамын. Ал чемпионатқа бір ай дайындалдым. Бізге Өскемен ұнап жатыр мен Жаңаөзен қаласынан келдім. Маңғыстау обл. Жарыс өте күшті. Маған ұнады. Өскеменде қыздармен дос болып алдым.

Айзере Тайтілеу, жарысқа қатысушы (Астана қ.):

Менің жасым 11 де. Мен гимнастикамен 4 жасымнан бастап айналысып жүрмін. Тренер мені өте жақсы дайындады. Команданың аты прайд. Прайд бүгін өте жақсы шықты. 17,9 балл алды. Менің ойымша біз финалға кіреміз.

Айару Оразбекова, жарысқа қатысушы (ШҚО):

8 жыл болды осы спортқа қатысқаныма. Маған бұл спорт өте ұнайды. Мен топпен өнер көрсетемін. Бүгін мысалы біз топпен доптармен еттік. Мен өте жақсы көремін өзімнің тренерімді. Тренер бізге көптеген ақыл береді.

Жарысқа қатысушыларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Асқар Можанов, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Жыл сайын дәстүр бойынша Өскемен қаласында жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып отыр. Әдеттегідей, қатысушылар саны өте көп. Бұл — жас буынның спортқа деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді. Барша қатысушыларға сәттілік, әділ бәсеке және жоғары нәтижелер тілеймін.

Мұндай ауқымды жарыстар өскелең ұрпақтың бойындағы талантты ұштап, жетістіктерге жетуде сеп. Шараны тамашалауға «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі директоры Андрей Лазарев те келді. Ол балалар спортын жүйелі қолдаудың маңызын атап өтті.

Андрей Лазарев, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:

Бұл күн – тек спорт мерекесі емес, сонымен қатар өнерлі, болашағынан зор үміт күттіретін жас қыздардың мерекесі. Олар бұл додаға өз қабілетін танытып, еңбегінің нәтижесін көрсету үшін келді. Біз сезімімізді сөзбен жеткізсек, олар оны көркем қимыл, үйлесімді қойылым арқылы көрсетеді. Әрбір қозғалыс – табандылықтың, тынымсыз жаттығудың және шығармашылық ізденістің жемісі.

Бұл чемпионат – елде көркем гимнастиканы дамыту кезеңдерінің бірі. Дода болашақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын дарынды спортшыларды анықтауға жол ашады.

Гүлдана Айдарқызы