Конституциялық комиссия мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Аяужан Әшімова жастармен кездесті. Кездесуге өңірдегі саяси партиялардың жастар қанатының белсенділері қатысты. Олар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады. Негізгі құжатта ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.

Қазақстанның жаңа Конституция жобасы ел тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін, заманауи үрдістерді тоғыстырып, бүгінгі күннің сын-қатерлеріне жауап беретін маңызды құжатқа айналды. Мұны сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары да атап өтуде.

Бақытжан Ерболқызы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі:

Негізгі мақсат Конституциядағы негізгі өзгерістердің мәні мен мағынасын түсіндіру. Енді қазіргі таңда айтылып жатқан ең бірінші ол «Заң мен тәртіп» қағидасы. Сонымен қатар Таза Қазақстан қағидасы деп айтып жатырмыз. Ол осындай қағидаттардың Конституция деңгейінде кіріп, бекітіліп отыруы. Сонымен қатар приамбула деп айтып жатырмыз осы приамбула конституцияның негізгі мақсаты кіріспесі деп айтсақ болады. Бұл жердегі негізгі мақсат адамидардың құндылықтары, адами капитал 01,18 скл 01,21 яғни, мемлекет адамның мүддесі үшін жұмыс істейді деген мақсатта жазылып отыр.

Жас белсенділердің айтуынша, жаңа Конституция жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты саралау негізінде әзірленген. Сондай-ақ құжатты дайындау барысында ашық қоғамдық талқылаулар өткізіліп, жаңа нормалар мен ережелер мұқият пысықталған.

Жігер Сәрсенбаев, «Respublica» партиясының Жастар қанатының жетекшісі:

Приамбуланың болуы Қазақстан сияқты мемлекет үшін мемлекет халқы үшін рух береді деп ойлаймын. Өзім Конституцияны толықтай оқып шықтым. Облыста 15 күннің ішінде 90 жуық іс-шара өткізілді. Іс – шараның негізгі мақсаты жастар арасындағы сайлау мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында жастардың барлығы сайлаудың процессін, сайлау мәдениетін қалыптастырды деп ойлаймын. Қоғамда саяси сауатты жастарды тәрбиеледік деп ойлаймын Шығыс Қазақстан облысында.

Облыстық партия филиалдарының жастар қанаты жетекшілері түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Әсіресе, өз қатарластары арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейткен.Олар кездесулер ұйымдастырып, кәсіпорындар мен түрлі ұйымдарға барып, жұмысшы жастармен жүздесуде. Сондай-ақ алдағы уақытта облыс бойынша жас партия мүшелерінің қатысуымен ауқымды іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Салтанат Кеңесбекқызы