Жаңа Конституция жобасы жарияланып, ресми түрде қоғамға таныстырылды. Ол азаматтардың, сарапшылардың, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың ұсыныстарын ескере отырып, бірнеше айға созылған жұмыстың нәтижесінде Конституциялық комиссия мүшелері әзірледі. Құжатта елдің құндылықтары мен даму бағдарын айқындайтын жаңартылған преамбула қамтылған және құрылымдық тұрғыдан негізгі қағидаттарды белгілейтін бірнеше бөлімнен тұрады. Сонымен қатар өңірде жаңа Конституция жобасының басты ережелерін түсіндіруге бағытталған кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Бизнес өкілдері белсенді азаматтар. Олар қоғамда болып жатқан ең өзекті оқиғалардан хабардар болуға, заң жобаларындағы жаңашылдықтарды дер кезінде зерделеуге және елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды қадағалап отыруға ұмтылады.

Аяужан Әшімова, Конституциялық комиссия мүшесі:

Кәсіпкерлер қауымдастығымен кездесіп, Жаңа Конституцияның мәтініне, әр баптарына толығырақ тоқтап, әрбір қазақстан республикасының азаматының өмірінде болатын өзгерістерге тоқтап. Кәсіпкерлік қауым өздерінің құқықтарын көбінесе өздері қорғауға бейімделген. Және өмірде болып жатқан ғылыми-техниканың немесе технологияларды бірінші болып білуге оны өзінің кәсібіне пайдалануға тырысатын қауым. Сондықтан мына елімізде болып жатқан ең ірі өзгерістерді әрбір кәсіпкерді елең еткізбей қоймайды деп ойлаймын.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен өткен кездесу ашық форматта өтті. Кездесуге қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта кәсіпкерлік қызметті жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Алыстан Маратов, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы:

Это очень Бұл үлкен бастама. Себебі, Конституция мүлікке қатысты, иелік ету және меншік құқығына байланысты негізгі қағидаларды айқындайды. Ал кәсіпкерлік қызмет кез келген жағдайда басқарумен де, мүлікпен де тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, бұл кәсіпкерлер үшін маңызды қадам. Көпшілік оң өзгерістер болады деп үміттенеді және осы бағытта біз әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Ал оның негізгі ережелеріне келсек, бізді заңгерлер ретінде ең алдымен меншік құқығы, салық мәселелері, жерге және оның қойнауына қатысты сұрақтар қызықтырады.

Сарапшылар жиналғандарға жан-жақты ақпарат беріп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ақпараттық науқан жаңа Конституция жобасының мәні мен мазмұн халыққөа түсіндіру мақсатында жүргізілуде.

Салтанат Кеңесбекқызы