15 наурызда елімізде конституциялық референдум өтеді. Өңір – өңірлерде ел ертеңі үшін маңызды науқанға дайындық пен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аймақтық штаб құрылды. Алғашқы кездесуді Конституциялық комиссияның мүшесі және аймақтық коалицияның жетекшісі Денис Рыпаков «Казцинк» компаниясының еңбек ұжымымен өткізді. Кездесу барысында жобаның негізгі тұстарын таныстырып, құжаттың маңыздылығына тоқталды.
Басқосуда қызметкерлерге жаңа Конституция жобасы елді саяси тұрғыдан жаңғыртуға, парламенттің рөлін күшейтуге, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу сынды ақпараттар берілді. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау басты басымдық болып қала береді. Атап айтқанда, еңбек туралы құқықтар нақты анықталып, олар заңмен қорғалатын негізгі кепілдіктерге айналатын болады. Бұл — жұмысшылардың өз құқықтарын қорғауға, еңбек шарттары бойынша дауларды заңды жолмен шешуге, еңбек қауіпсіздігі мен әділ еңбек жағдайын талап етуге нақты конституциялық негіз береді.
Денис Рыпаков, өңірлік коалиция жетекшісі:
Қатысушылардың қызығушылығы әсіресе қызметкерлердің құқықтары конституциялық деңгейде нақты қорғалатын жаңа өзгерістерге қатысты болды. Азаматтар өзгерістерге ерекше мән берді. Мұндағы әр қызметкер талап – тілектерді ашық айтуға, пікірлерін емін – еркін жеткізу, өз наразылықтарын білдіру сынды тармаққа айрықша тоқталды. Яғни, жұмысшылардың құқықтары Конституциялық тұрғыдан реттелетін болады. Оның ішінде: артық жұмыс істеуге мәжбүр болғанда, жұмыс кестесі келісілмегенде, отбасына уақыт бөле алмай, демалуға мұршасы жетпеген сәттер де. Барлығы кәсіпорын иесінің пайдасы үшін шешілгенде.
Өз кезегінде еңбек өкілдері Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін теңгерімді етуге, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыруға және ашықтықты күшейтуге бағытталған деп
Иван Гончаров, қорғасын зауытының балқыту цехы бастығының м.а.:
Ең маңыздысы – бұл өзгерістер азаматтардың, соның ішінде біз сияқты жұмысшы адамдардың, өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін кеңейтеді. Мемлекетте тәртіп болса – экономикада да тұрақтылық болады. Ал экономика тұрақты дамыса, бізде жұмыс бар, жалақы бар, ертеңгі күнге деген сенім бар. Сондықтан бұл жаңашылдықтар жүйені нығайтып, оны әділ әрі орнықты етеді деп ойлаймын.
Еске сала кетейік, жаңа Конституция бойынша референдум наурыздың 15 күні өтеді.
Гүлдана Айдарқызы