Мемлекет басшысы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. Республикалық референдумды дайындау мен өткізу Қазақстан Республикасының Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелді. Референдумды дайындау және өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан бойынша «Әділетті және Прогрессивті Қазақстынның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы өз жұмысын бастады. Олар алдағы уақытта тұрғындарды жаңа конституция жобасымен таныстырады.

Шығыс Қазақстан бойынша «Әділетті және прогрессивті Қазақстынның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды. Оның құрамында 300 аса азамат бар. Оның 50 аймақтың деңгейде.

Денис Рыпаков, өңірлік коалиция жетекшісі:

Бүгін алдағы жұмыстар пысықталды. Алда тұрған басты жұмыс халықпен кездесу өткізу. Бір ай көлемінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Біз аудан, қалаларды аралап, халықпен кездесу өткіземіз. Жаңа конституция жобасын халыққа түсіндіреміз.

Алдағы уақытта жоспарға сай 1000 жуық шара өткізіледі. Өңірлік коалиция мүшелері күн сайын 4-5 кездесу ұйымдастырмақ.

Әскерхан Ақтай, өңірлік коалиция мүшесі:

Мұндағы біздің негізгі мақсатымыз Жаңа Ата заңымызды халыққа түсіндіру, жеткізу. Әрине, бұл Ата Заң жарияланғаннан бері қарай халық арасында бірталай көлемде талқыланды. Дегенмен халықтың көкейінде сұрақтар көп. Осы сұрақтарға жауап беру, референдумға дайындалу мақсатында барынша жұмыс істейтін боламыз.

Ата заң ол елдің дамуына серпін беретін маңызды құжат. Ал референдум арқылы қабылданатын бұл өзгерістер мемлекеттің құқықтық негізін нығайта түсері анық.

Салтанат Кеңесбекқызы