Өңірде әлеуметтік сала қызметкерлерін қолдауға бағытталған «Шығыс жұмыскер» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. Бағдарлама білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және төтенше жағдайлар саласының мамандарын баспанамен қамтуға бағытталған.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, бағдарламаға 27 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтінімдер қабылданды. «Отбасы банк» АҚ жасалған өңірлік ынтымақтастық туралы келісім аясында 41 мамандық бойынша жетпістен астам қызметкер құжат тапсырған. Өтініштерді әділ әрі жан-жақты қарау үшін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына «Amanat» партиясының шығыстағы филиалы өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңірдегі департаменті, кәсіподақ ұйымдары және Отбасы банк қызметкерлері кіреді.

Досжан Ағыбаев, Облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

Жалпы, өтінім беруге 72 адам қатысып, 16 ақпанда комиссияның шешімі қабылданды. Денсаулық сақтау және білім саласы бойынша нәтижелер шығарылды. Ал, төтенше жағдайлар мен өнер саласына келетін болсақ, өтінімдер саны квота санынан аз болғандықтан, 1 апта мерзімне тағы да создыру шешімі қабылданды. Бұл бағдарламада ең алғашқы жарна – 10 пайыз. 20 миллионға дейінгі кредитке үй алуға болады. Жылдық пайызы – пайызды құрайды.

Іріктеу барысында жұмыс өтілі, бірге тұратын балалар саны, отбасында I, II немесе III топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың болуы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұру фактісі ескеріледі. Нәтижесінде ең жоғары балл жинаған 45 қызметкер негізгі тізімге енгізіледі. Егер негізгі тізімдегі қатысушы банк талаптарына сәйкес келмесе, жолдама резервтік тізімдегі үміткерге беріледі.

Галина Казанцева, «ШҚО Кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ жетекшісі

Бағдарлама – қазіргі таңда сұранысқа ие мамандық иелеріне бағытталғаны маңызды. Бүгінде білім беру мен денсаулық сақтау салаларында маман жетіспеушілігі байқалады. Іріктеуден өткен жастар мен үміткерлер банкке уақытылы жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырып, жеңілдетілген шарттар арқылы баспана алу мүмкіндігін тиімді пайдаланады деп сенемін. Мемлекет басшысы еңбек ресурстарын нығайту мәселесіне үнемі назар аударып келеді. Сондықтан, бұл бағдарлама мамандарды бір орында тұрақтандыруға және әрбір саланың қарқынды дамуына оң әсерін тигізеді.

Несиенің ең ұзақ мерзімі – 19 жыл. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әлеуметтік сала мамандарын өңірде тұрақтандыруға және кадр тапшылығы көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік бермек.

Фатима Тілейханқызы