Аймақта жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Өңірде еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындарға елдің басты заңына енгізілетін өзгерістер жөнінде жан-жақты мәлімет берілуде. Осындай кездесулердің бірі Үлбі металлургиялық зауытының ұжымымен өтті.
Алдағы республикалық референдум қарсаңында еңбек ұжымдарында жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Мұндай кездесулер кәсіпорын қызметкерлеріне ресми әрі нақты ақпаратты тікелей мамандардан алуға, өздерін толғандырған сауалдарын қоюға және елдің негізгі заңына ұсынылған өзгерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Аяужан Әшімова, ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрайымы, Конституциялық комиссия мүшесі:
Бүгінгі күні өңірлік штаб құрылып, оған белсенді азаматтар, партия өкілдері, депутаттар халық арасында кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстардың маңызы зор. Себебі, бүгінгі күні ақпаратты әлеуметтік желіден, шектеулі көздерден алып үйреніп қалған тұрғындарға ауқымды түсіндіру жұмыстары өте қажет-ақ.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері кеңінен таныстырылды. Ашық пікір алмасу алаңында зауыт жұмысшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды нормалар бойынша нақты жауап алды.
Азамат Раисов, «ҮМЗ» АҚ ұжымдық мәдениет және кадр бөлімінің менеджері:
Спикер қандай өзгерістер енгізіліп жатқанын толықтай айтып берді. Жақын арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум өтеді. Осы референдумға қатысатын зауыт қызметкерлері саналы түрде осы кездесуден кейін таңдауларын жасай алады деп ойлаймын.
Айта кетейік, 15 наурыз елде республикалық референдум өтеді.
Фатима Тілейханқызы