Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесіп, кәсіпкерлерге арнайы салық режиміне көшу тәртібін түсіндірді. Мамандардың айтуынша, кәсіпкерлер ақпанның 28-іне дейін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті хабарлама жолдап, өзіне тиімді салық режимін таңдауы қажет. Әйтпесе, 1-ші наурыздан бастап жеке кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне көшіріледі.
Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен бері, оған қалай көшу керек және қай санаттағы бизнес міндетті түрде тіркеледі деген сұрақтар көпшілікті алаңдатып отыр. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен қоғам белсенділері өңірде салық заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құралай Ноғайбаева, жеке кәсіпкер:
Салық бөлімнен келіп, бізге осындай түсіндірме қағазын беріп тұр. Біз сияқты кәсіпкерлерге негізі дұрыстап мазмұндап айтып бергеннің өзі бізге үлкег көмек. Және де осы жаңа жылдан бастар біз осы жүйеге көшкенімізге барлығына ыңғайлы деп айта аламын және барлық кәсіпкерлерді осы жүйеге айдың аяғына дейін тезірек көшсін деген үлкен ұсынысым бар.
Қаңтардың 1-інен бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексі арнайы салық режимін оңтайландырды. Енді қазақстандықтар үшін оның 3 түрі қолжетімді. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған тәртіп, жеңілдетілген декларация және шаруа қожалықтарына арналған арнайы режим.
Михаил Байтеряков, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты:
Бұған кәсіпкерлер бейқам қарамау керек. Себебі 28 ақпанға дейін үлгермесе, 10 пайыздық мөлшерлемеге өтеді. Ал уақытында тіркелсе, 2 пайыз мөлшерлеме әлдеқайда тиімді болады.
Арнайы салық режиміне тіркелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіні автоматты түрде жалпыға бірдей режимге ауыстырады.
Гүлмира Сабралимова, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы:
Егер хабарлама бермесе Мемлекеттік кірістер органдары осы бірінші наурызда жалпыға бірдей тәртіпке көшіреді. Жалпыға бірдей режим, негізгі пайызы он пайыз, егер декларция негізіже екі пайыз болса, мәслихаттың шешімімен төмендетілген негізі бүкіл аудандар да қалалар да. Ал жалпыға бірдей онда ставкасы 10 пайыз болады.
Осылайша, жаңа Салық кодексі азаматтардың жүктемесін азайтып, бизнеске қолайлы жағдай жасауға, ал мемлекет үшін берешекті өндіру тетіктерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Мамандардың пікірінше, құжаттың мақсаты - салық төлеуді барынша ыңғайлы ету.
Бекарыс Секен