Өскеменде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыстық жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға салалық басқарма басшылары, студенттер мен еріктілер қатысты.

Басқосуда өңір жастары әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді. Жас кәсіпкерлер жағы кәсіп бастауға ниетдерге көрестілетін мемлекеттік қолдаудың аясын кеңейту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Ляйля Төлеубек, ШҚО бойынша «Esbol qory» фронт-офисінің жетекшісі:

Жиында жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқыладық. Соның ішінде жас кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды жалғастыру, оның аясын кеңейту жөнінде ұсыныс білдірдім. Әсіресе, төмен пайызбен берілетін несиені қайта іске қосу қажеттігін айттым.Бұдан бөлек, облыс тарапынан да қолдау көрсетілсе деген тілегіміз бар.

Аймақ басшысы өз сөзінде өңірдегі жастарға көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды. Әрі бұл жұмыстардың сапасын арттыру қажет деді. Жастарды баспанамен қамту, ипотекалық бағдарламаларды қарастыру, жұмыспен қамту мәселелеріне шешу жолдарын қарастыруды салалық басқарма өкілдеріне тапсырды.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Экономика мен қаржы басқармалары бірлесіп, һөзге өңірлердің тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, «Шығыс маманы» бағдарламасы негізінде тағы бір жобаны қолға алу қажет.»Отбасы» банк өкілдерімен бірге осы мәселені қарастырыңыздар. Себебі, баспанамен қамту өзекті мәселе. Біз жұмысшы мамандықтарын ғана емес, өзге де саладағы жастарды да ескеруіміз қажет. Жаңа бағдарламаны «Шығыс жастары» деп атаумен іске қосу жолдарын қарастырыңыздар.

Жастар тарапынан көтерілген мәселелер салалық басқармалар мамандарымен зерделенетін болады.

Мирас Сабитпеков