Жаңа Конституция жобасында алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы бекітілді. Мемлекет цифрлық саланы конституциялық құқықтар кеңістігі ретінде ресми түрде мойындайды. Бұл – құқықтық жүйенің кемелденгенін және интернеттегі азаматтар мүддесінің қорғалатынын көрсетеді.

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың цифрлық құқықтарын, жеке деректерін және зияткерлік меншік нысандарын қорғау қағидаттары айқындалған. Құжаттың кіріспесі инновация, ғылым және білімге негізделген. Цифрлық орта – конституциялық құқықтар кеңістігі ретінде айқындалып, кибералаяқтыққа қарсы құқықтық қорғау шаралары қарастырылған.

Елизавета Абдрахманова, медиатор:

Конституция – ең алдымен, цифрландыру бағытында азаматтардың жеке деректерін қорғауды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, цифрландыру көптеген жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деген қарама-қайшы пікірлер де бар. Алайда, Президент пен Үкімет Құрылтайда цифрландырудың мақсаты - адамдарды жұмыссыз қалдыру емес, керісінше, оларды жаңа деңгейде еңбек етуге бейімдеу екенін атап өтті.

Тәжірибелі медиатордың айтуынша, цифрлық өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтиды әрі цифрландыру үдерісі елдегі әрбір азамат үшін маңызды.

Фатима Тілейханқызы