Өңірде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта «Ауыл» партиясы жастармен кездесу өткізді. Ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын бұл басқосу мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.
Кездесуге қатысушылар Ата заңға енгізіліп жатқан өзгерістердің саяси маңыздылығына және оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтудегі рөліне тоқталды. Әсіресе, реформалардың әділетті қоғам құру, билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, жауапкершілік пен ашықтықты арттыру бағытындағы маңызы кеңінен сөз болды. Кездесу барысында «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Мұратұлы Жаңа Конституцияның мән-мағынасын және оның жастарға беретін мүмкіндіктерін айтып өтті.
Ғалымжан Құсманғали, «Ауыл» партиясы» төрағасының орынбасары:
Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүретін болады. Атап айтқанда сарапшылармен, жастармен, әр түрлі санаттағы азаматтармен кездесулер ұйымдастырып, бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан саясатты түсіндіру жұмыстарныа ат салысудамыз.
Шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларын еркін жеткізді. Жастар жаңа Конституция жобасы тек құқықтық құжат қана емес, елдің стратегиялық бағытын айқындайтын негізгі бағдар екенін атап өтті.
Дарын Талғат, ЖОО студенті:
Дәл осындай кездесулер жастар үшін маңызы зор. Жаңа конституцияны қолдаймын. Осындай кездесулер арқылы жастардың азаматтық ойын қалыптастырады деп ойлаймын. Өзіме көп ақпарат алдым.
«Ауыл» партиясы ақпаратттық түсіндірме жұмыстарын ары қарай да жалғастыратындықтарын айтты.
Ернат Файзуллаев, «Ауыл» партиясының» ШҚОФ консультанты:
Жылда ЖИ жылы, халықаралық волонтер жылы , Жаңа Конституцияға алдағкы уақытта болатын референдум болғандықтан үгіт-насихат жұмыстары, түсіндірме жұмыстары міндетті түрде болады. Соған байланысты шаралар да көптеп өтеді. Біз атсалысуға әрдайым тырысамыз.
Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бастар бағдар. Ал сол болашақты қалыптастыратын күш – саналы, белсенді, ел тағдырына бейжай қарамайтын жастар.
Сая Жарасқызы